Шымкент қаласында карантин ұзартылды
«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 28 маусымынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», -деп жазылған құжатта.
Қаулы бойынша Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.
Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеліп, маскалық режим сақтау міндетеледі.
Құжат бойынша әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысы мына өлшемдер негізінде реттеледі.
Объектілер/салалар | Жұмыс тәртібі | «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі | |
1. | Өнеркәсіп | Қалыпты режимде | - |
2. | Коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі | Қалыпты режимде | - |
3. | АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері | Қалыпты режимде | - |
4. | Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | Қалыпты режимде | - |
5. | Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | Қалыпты режимде | - |
6. | Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.) | Қалыпты режимде | - |
7. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.) | Қалыпты режимде | - |
8. | Гүл дүкендері, фотосалондар | Қалыпты режимде | - |
9. | Медициналық ұйымдар, дәріханалар | Қалыпты режимде | - |
10. | Музейлер, кітапханалар | Қалыпты режимде | - |
11. | Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары | Қалыпты режимде, топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша | - |
12. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша) | Қалыпты режимде | - |
13. | Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер | Қалыпты режимде | - |
14. | Супермаркеттер, гипермаркеттер | Қалыпты режимде | - |
15. | Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) | Қалыпты режимде | - |
16. | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер | Қалыпты режимде | - |
17. | Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), | Қалыпты режимде | - |
18. | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.). | Қалыпты режимде | - |
19. | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология | Қалыпты режимде, алдын ала жазылу бойынша. | - |
20. | Қоғамдық көлік | Қалыпты режимде (бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша) | - |
21. | Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері | Қалыпты режимде | - |
22. | Мектепке дейінгі мекемелер | Қалыпты режимде, кезекші топтар 25 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде | - |
23. | Ұйымдар, офистер | Қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген Ұйымдар, офистерді қоспағанда, 50 % -қашықтықтан, 5 0 % -күндізгі режим де, бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі | - |
24. | Діни объектілер | Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей қалыпты режимде. Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асыруға рұқсат. | - |
25. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | Уақыты сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін | Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
26. | Жазғы алаңдар | Уақыты сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін | Сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
27. | Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | Қалыпты режимде | - |
28. | Піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындарды қоса алғанда, Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек), жеткізумен және әкетуге жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерімен фудкорттар | Әкету мен жеткізу қалыпты режимде. Фудкорттар тек әкетумен және жеткізумен жұмыс жасайды | «Ashyq» жобасына қатысатын Фудкорттарға толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10:00-нан 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
29. | Моншалар | Қалыпты режимде | - |
30. | Сауналар | Қалыпты режимде, жексенбі күні жұмысын тоқтатумен | Қалыпты режимде |
31. | СПА-орталықтар, бассейндер | Қалыпты режимде | Қалыпты режимде |
32. | Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | Қалыпты режимде | - |
33. | Спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда | Қалыпты режимде | Қалыпты режимде |
34. | СОО, сауда үйлері, сауда желілері | Қалыпты режимде | - |
35. | Мәдениет объектілері (дайындық) | 30 адамға дейін | 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдардың қатысуына рұқсат етіледі |
36. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар | Толтырылуы 20%-дан асырмай | Толтырылуы 40%-дан асырмай |
37. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес | Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес |
38. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес | Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес |
39. | Бильярд | Тыйым салу | Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 50%-дан артық емес |
40. | Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | Тыйым салу | Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 50%-дан артық емес. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі |
41. | Букмекерлік конторларының, оның ішінде онлайн режимінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лотерея ұтыс ойынын жүргізуге | Тыйым салу | Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындарға бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде жұмыс істеуге руқсат |
42. | Боулинг | Тыйым салу | Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 50%-дан артық емес |
43. | Цирктер | Тыйым салу | Толтырылуы 40%-дан асырмай |
44. | Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар) | Тыйым салу | Алаңы 1000 ш.м-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай. |
Алаңы 1000 ш.м-ден жоғары бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай руқсат | |||
45. | Ашық ауадағы аттракциондар | Қалыпты режимде | - |
46. | Балаларды сауықтыру ұйымдары | Қалыпты режимде, толтырылуы 50%-дан артық емес | - |
47. | Жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңшаларды) ұйымдастыруға | Тыйым салу | - |
48. | Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу | Толтырылуы 15%-дан артық емес | Толтырылуы 30%-дан артық емес |
49. | Ас беру (еске алу) | Тыйым салу | - |
50. | Банкет залдары | Тыйым салу | Сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін, бір адамға кемінде 4 ш.м. шектеумен ас беруді өткізу үшін толтырылуы 30%, бірақ 50 адамнан асырмай, мейрамханалар және дәмхана типі бойынша толтырылуы 50%, бірақ 60 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат |
51. | Түнгі және ойын клубтары | Тыйым салу | - |
52. | Караоке | Тыйым салу | Толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
53. | Зоосаябақ | Қалыпты режимде | - |
54. | Аквасаяжайлар, жағажайлар | Қалыпты режимде | - |
55. | Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар | Тыйым салу | - |
56. | Көрмелер | Тыйым салу | Толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м.кем емес алаңмен қамтамасыз етілген , бірақ бір уақытта 200 келушілерден аспайтын |
57. | Марафондар (ашық ауада) | Тыйым салу | 50 адамнан артық емес |