Шымкент қаласында үш компанияның тарифтері төмендетілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында «Шымкент сушар» МКК, «Оңтүстік Энергосервис» МКК, «Қазығұрт жолы» ЖШС-ның тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды ҚаЗақпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтердің қолдануы мерзімдері аяқталуына байланысты «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 15-бабы 3-тармағына сәйкес бірқатар табиғи монополиялар субъектілеріне 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап тарифтерді төмендетті

«Шымкент сушар» МКК-на суды каналдар арқылы беру қызметіне тариф 449,48 теңгеден/1000 м3 376,59 теңгеге/1000 м3 немесе 16,2%-ға төмендетілді;

«Оңтүстік Энергосервис» МКК-на электр энергиясын беру қызметіне тариф 3,16 теңге/кВтсағаттан 1,81 теңге/кВтсағатқа немесе 42,7%-ға төмендетілді;

«Қазығұрт жолы» ЖШС-на бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф 181,23 теңге/вагон.км-ден 164,88 теңге/ваг.км немесе 9%-ға және маневр жұмыстарына тариф 5 056,64 теңгеден/ваг.сағаттан 4 600,43 теңгеге/ваг.-сағатқа немесе 9%-ға төмендетілді», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар