Шымкент қаласының әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының қабылдауына келген азаматтар жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу сияқты өзекті проблемаларын жеткізді. Қабылдау барысында шымкенттіктер атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселелерін жеткізіп, баспанамен қамту мен кәріз жүйесі сияқты өздерін мазалаған мәселелерін баяндады. Сонымен қатар, көше атауы, жол, газ, жарык проблемаларын көтерді.

Өз кезегінде азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін атап өтті.

Баспанаға мұқтаж жандарды қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, коммуналдық мәселелер рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

Жалпы, жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесі өзінің назарында болатынын айтқан шаһар басшысы сала жетекшілеріне көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар