Шымкент қаласының бас дәрігері тұрғындарға үндеу жасады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеміз. Арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, адам көп шоғырланған орындарға бармай, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз. Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс. Қажет жағдайда жергілікті емхана мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға еңбекке жарамсыздық қағазын ашып бере алады»,- дейді Бақытжан Позилов.

Айта кетейік, күні кеше Шымкент қаласы жасыл аймақтан сары аймаққа өткен болатын. Шаһарда соңғы тәулікте індет жұқтырудың 96 жағдайы тіркеліп, 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылған.


Соңғы жаңалықтар