Шымкент маңында құлдықта болған азамат 2 жылдан бері іздеуде жүрген - полиция

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бір жарым жыл бойы Түркістан облысында құлдықта болған ер адамның ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласы маңында бір жарым жыл бойы құлдықта болған ер азамат туралы ақпарат тарады. Аталған жайт Түркістан облысы полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» делінген хабарламада.

Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы қаласына Түркістан облысы ПД қызметкерлері арасынан арнайы топ аттанды. Анықталған кінәлі тұлғалар заң шеңберінде жауапқа тартылады.

Кейін анықталғандай, аталған азамат Алматыда ұрлық жасағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде жүрген. Ол осы уақытқа дейін өзін басқа фамилиямен таныстырып келген.

Қазіргі таңда алматылық полицейлер күдіктіні қамауға алды.

Соңғы жаңалықтар