Шымкент музейінде «Егеменді елдігім - Тәуелсіздік теңдігім» атты танымдық сабақ өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент тарихи-өлкетану мұражайында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Егеменді елдігім - Тәуелсіздік теңдігім» атты тарихи танымдық сабақ өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Патриоттық апталығы аясында ұйымдастырылған сабаққа қаладағы №129 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысып, оларға тарих пәнінің мұғалімі Ералы Момынқұлов Қегемендік алу жылдарындағы ерекше оқиғалар жайлы айтып берді. Жас жеткіншектерді қазақтың ежелгі тарихымен таныстырып, ата-бабаларымыздың өз кездерінде қолданған заттарын көрсетті.

Қазақстанның Тәуелсіздікке дейінгі өмірінен мағлұмат беріп, сан ғасырлық тарихы бар қазақ елінің тарихи құнды жәдігерлерімен танысты. Тарихи маңыздылығы туралы ақпарат алды. Дәл осы білім ошағының мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері «Тәуелсіздік - тірегім» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Онда оқушыларға елді, Отанын сүю мен Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған әңгімелер айтылды. Сабақ барысында жеткіншектер еліміздің Рәміздері мен Желтоқсан оқиғасының батырларымен танысып, тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарын оқыды.

Соңғы жаңалықтар