+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкент полицейлері балалар үйінің жеткіншектерімен бірге жаттығу жасады

2019 жылғы 12 желтоқсан 12:14
Бөлісіңіз:
Шымкент полицейлері балалар үйінің жеткіншектерімен бірге жаттығу жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полициясына қарасты жылдам қимылдайтын арнайы жасақ шаһардағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен таңғы жаттығу өткізді. Бұл жөнінде өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 20 күнде карантин талабын бұзуға қатысты 700-ден астам дерек тіркелді Петропавл полицейлері ұрыларды ұстауға көмектескен тұрғындарды марапаттады Елордада дәрі-дәрмектерді қымбат бағаға сатып жатқан дәріханалар анықталды

Жастар жылы аясында Шымкент қалалық полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері №4 балалар үйінің жеткіншектерімен бірге таңғы жаттығу жасады. Мұнда 4-тен 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

«Полицейлер балаларға дене шынықтыру жаттығуларының кешенін көрсетті. Балалар полиция қызметкерлерімен бірге отырып-тұру, еңкею, аяқпен сермеу, секіру секілді іс-қимылдарды бар ынтасымен орындады. Жаттығудан кейін полицейлер жауынгерлік күрес тәсілдерінің элементтерін көрсетіп, балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады. Балалар бос уақытын пайдалы әрі көңілді өткізді» делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты - балаларды салауатты өмір салтына баулу және дене шынықтыру негіздерін үйрету.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері балалар үйіне тұрақты барып тұрады. Спорт жаттығудан басталады, ал тәртіп сақшыларымен жаттығу - еліміздегі құқықтық тәртіп пен ұлт денсаулығының кепілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT