Шымкент прокуратурасында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жиын өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының прокуратурасында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік жиын өтті. Салтанатты шараға қадағалаушы органның ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында қала прокуроры Мақсат Қожабаев азаттықты армандаған елдің түпкі мақсаты орындалып, ата-баба аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді атап өтті.

«Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ата-бабаларымыз қаншама қиыншылықтарды басынан өткізді, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында біз, прокуратура қызметкерлері аянбай еңбек етуіміз қажет»,-деді қала прокуроры.

Мереке қарсаңында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Берген Ержаппарға «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталды.

Сонымен қатар, қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен еңбектері үшін бірқатар қызметкерлер Бас прокурордың бұйрығы негізінде «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және қала прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.
Соңғы жаңалықтар