Шымкент тұрғындары жарықсыз қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкенттің жүздеген тұрғыны жарықсыз қалды. Электр қуаты 23 бағыт бойынша ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта қала бойынша 16 авариялық бригада, 11 арнайы техника жұмыс істеуде.

- «Оңтүстік Жарық» мекемесінің апаттық бригадалары ақауларды жою жұмыстарын жүргізуде. Олардың барлығы күшейтілген режимге көшіріліп, үздіксіз жұмыс жүргізуде. Ақаулар жойылысымен абоненттерге электр энергиясы берілетін болады – дейді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Ал, жолдардың жағдайына жауап беретін коммуналдық қызметтер де күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 95-ке жуық техника мен 500-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Ал, «Оңтүстік жолдары» МКК кезекші операторының хабарлауынша, бүгін таңертеңнен бері «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» республикалық маңызы бар автожолдарында қозғалыс жабылды. Метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты (нөлдік көру, боран, бұрқасын, көктайғақ) барлық автокөлік түрлері үшін 593 км-ден 654 км-ге дейін, Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейін автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар