Шымкент тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмекті беру тәртібі түсіндірілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Қаратау ауданының тұрғындарына жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті беру тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрсәт» шағынауданында орналасқан №3 емханада өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары кеңінен сөз болды.

Жиын мақсаты - атаулы әлеуметтік көмектің 2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа сипатын түсіндіру. Оған қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ғалымжан Балтабаев пен еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Аманжол Нұрсейітов, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров қатысты.

Сала басшылары аудан тұрғындарына ел Президентінің тапсырмалары аясында атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндап, азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің екі түрі жүзеге асырылатынын түсіндірді.

Дәл осындай кездесу Мәртөбе елдімекеніндегі №27 жалпы орта мектебінде де ұйымдастырылды. Жиында сала басшылары келер жылдан бастап берілетін жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті берудегі өзгерістер мен толықтырулар барысын түсіндіріп, жергілікті халықтың сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Соңғы жаңалықтар