Шымкент тұрғыны алтын аламын деп ақшасынан айырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қаратау аудандық полиция басқармасына 5 сәуірде 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2020 жылдың тамыз айында, өзіне аты-жөні толық белгісіз азаматша бірге алтын сату, сатып алумен айналысамыз деп сеніміне кіріп, 5.500.000 теңгесін алған. Содан бері алтын да, ақша да жоқ.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар