Шымкентке жаңадан қосылған 41 елді мекеннің жағдайымен танысып шықтым - Ерлан Айтаханов

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жаңадан қосылған елді мекендердің қазіргі жағдайын журналистерге айтып өтті. Шаһар басшысының сөзінше, қала іргесіндегі ауылдар инженерлік жүйелер мен жол және қоғамдық көлік мәселесін шешуді қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалаға жаңадан қосылған 41 елді мекенді аралап, жағдайымен танысып шықтым. Ол жердегі негізгі мәселе - инженерлік жүйелер, жол және қоғамдық көлік мәселесіне қатысты. Ауыз сумен қамту бойынша 10 елді мекен жартылай (Абдулабад, Тұрдыабад, Өтеміс, Шапрашты, Базарқақпа, Жаңаталап, Игілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Қызылжар), 8 елді мекен тасып ішеді (Батыс, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Ақжар, Айкөл, Асар-2, Ақтас-2, Тұран). Қаланың солтүстік бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистралды су құбырын тарту қажет. Келесі жылы Көмешбұлақ су жинақтаушынан басты магистралды су құбыры тартылып, оған 2 магистралды су құбырлары қосылады»,- дейді Ерлан Айтаханов.

Қала әкімінің сөзінше, 2020 жылы 8 тасымалмен су ішіп отырған 72 мың, жартылай қамтылған 9 елді мекендегі 38 мыңнан астам халық ауыз сумен қамтылады.

«Қаланы кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші төмен (49%), себебі магистралды жүйелермен қатар, қолданыстағы тазалау қондырғысының қуаттылығы жеткіліксіз. Қалада көп қабатты тұрғын үйлерді және шалғай елді мекендерді қамту үшін 2 су тазарту қондырғысын салу қажет. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленуде. Құрылысы 3 жылдық жоспарға енгізілді. Келесі жылы, 1 магистралды және 5 елді мекенде кәріз жүйесінің құрылысын жүргізілетін болады. Осының есебінен көрсеткіш 49 пайыздан 52 пайызға жетеді»,- дейді Ерлан Айтаханов.

Соңғы жаңалықтар