Шымкентте 10 нысанда карантин талаптары сақталмайтыны анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты 53 жағдай тіркелген. 29 адамнан ауру белгісі анықталып, 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдығы - 32%. Инфекциялық стационарда 328 науқас емделіп, 22 науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. 6 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау үшін 24 мобильдік топ мониторинг жұмыс істеп жатыр. Өткен тәулікте 353 нысанға тексеру жүргізіліп, 10 нысанда карантин талаптары сақталмайтыны анықталды.

Шымкентте 7 сәуірден бастап барлық санаттағы адамдарға екпе салынып жатыр. Қалаға 30 мың доза вакцина жеткізілген. Екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі. Әзірге 37 вакцинациалау бекеті бар. Бекеттің ішінен тағы қосымша бөлімдер ашылуда.


Соңғы жаңалықтар