Шымкентте 18 қаңтар күні ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18-ші қаңтар күні Қазақстанның бір ғана қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

«2020 жылдың 18-ші қаңтары күні Шымкентте жайсыз метеожағдай қалыптасады немесе ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Қазақстанның өзге қалаларындағы метеожағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар