Шымкентте 634 млн теңгеге жалған шот-фактура жазған кәсіпкер сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, іс жүзінде жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айыпталушы мүліктік пайда табу мақсатында заңсыз әрекет арқылы жалпы сомасы 634 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып, қолма-қол ақшаға айналдыру барысында, қылмыс үстінде ұсталды.

Абай ауданы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды.

Оған 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар