Шымкентте алдағы үш жылда тұрғындарды табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызға жетеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте алдағы үш жылда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту деңгейі 92,1 пайыздан 96,0 пайызға жетеді. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың 58 сессиясында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала басшыларының айтуынша, 2020 жылы қаланың қолданыстағы газ жүйесінің қысымын көтеру үшін жоғары қысымды магистралды газ құбырын және №3 АГРС-тың құрылысы басталады. Көлік инфрақұрылымының қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін үш жылда 1 300 шақырым шағал тас және топырақ жолдарды асфальттау жоспарланған.

Бұдан бөлек, сессия барысында 2020 жылы Шымкенттегі «Металлург» және «Қажымұқан» стадионы қайта жөндеуден өтетіні мәлім болды. 2020-2021 жылдары 590 автобус алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, депутататтарға ауыл шаруашылығын субсидиялауға 4 226 млн теңге қаралатыны айтылды.

Бұл қаражаттар бірінші кезектегі азық - түлік тауарларының қорларын құруға және бағаларды тұрақтандыруға жұмсалмақ. Қала басшылығы халық қалаулыларына тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселелесі туралы да айтып өтті. Атқарылуы тиіс ауқымды жұмыстардың нәтижесінде суды тасып ішіп отырған тұрғындар мен ауызсумен жартылай қамтылған 9 елді мекендегі 28,3 мың халыққа толықтай сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мақсаттарға бюджеттен 3 773 млн. теңге қаралған.

Соңғы жаңалықтар