Шымкентте ауыр атлеттерге арналған орталық өртенді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ауыр атлеттерге арналған орталық өртенді. Жалын шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құраған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 07:54-те «101» желісіне Еңбекші ауданындағы Ерімбетов көшесі №28 мекенжайда орналасқан жаттығу залында өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен.

Алғашқы өрт сөндіру бригадасы келгенде үшінші қабаттың төбе жаппасы жанып жатқан. Учаскелерді сумен жабдықтау 15 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттарынан жүзеге асырылды.

Өрт сағат 08: 45-те толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 26 қызметкері мен 6 техникасы, Полиция департаментінің 3 қызметкері мен 5 техникасы, электр желісінің авариялық қызметі жұмылдырылды.

Қазір Шымкент қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ зерттеу өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің себептері мен өрттен келтірілген залал анықталуда.


Соңғы жаңалықтар