Шымкентте автокөрме ұйымдастырылып, оған 100-ден астам адам жиналған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте автокөрме ұйымдастырған тұрғын жаупкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталу барысына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.
Кезекті іс-шара барысында, яғни 17 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «Авторазбор» автобөлшек сату орнында автокөрме ұйымдастырғандар анықталды.
Оған жүзден астам адам жиналған.
Карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан Шымкент қаласы бас санитар дәрігері қаулысының талаптарын елемеген көрме ұйымдастырушысы жауапкершілікке тартылды.
Көлікке қызығушылар мен көрермендердің басым бөлігі маска режимін сақтамаған.
Тәртіп сақшылары жедел әрекет ете отырып, жинағандарды таратты.
Карантинді бұзудың барлық жайттары бойынша жинақталған іс-құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
- СҚО-да карантин шектеулері жеңілдетілді
- Қарағанды облысы: Жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
- Түркістан: Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
- ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді
-
Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты
-
Қарағанды облысында су тасқынына дайындық жалғасуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам