Шымкентте бес жасар қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бес жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 12:55 шамасында болған. Әлия Молдағұлова көшесінің бойында жүргізуші №147 бағыттағы маркасы «Yotong» қоғамдық автобусымен жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылған.

«Жүргізуші 1979 жылғы жергілікті тұрғын. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алған дене жарақаттары салдарынан жаяу жүргінші жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 147 бағыттағы автобус «T-Bus» компаниясына тиесілі. Бұл оқиғаға байланысты жолаушылар тасымалына жауапты басқарма өкілдері автобустың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспағанын алға тартты.



Соңғы жаңалықтар