Шымкентте дендропарк аймағында көлігімен жүрген жүргізуші жазаланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте дендропарк аумағында көлігімен жүрген жүргізушіге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 21 сәуірі күні әлеуметтік желілерде дендропаркте жолаушылары бар көліктің кетіп бара жатқаны туралы видео тарады. Аталған факті бойынша, Шымкент қалалық Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде көлік жүргізушісінің кім екені анықталып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 1 бабы 596 тармағы негізінде (Жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру, жол жүру ережесін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бапқа сәйкес, жүргізушіге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды»,-деп мәлім еті Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері.


Соңғы жаңалықтар