+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте екі айда 20 мыңға жуық адам коронавирусты анықтайтын тестілеуден өткен

2020 жылғы 26 мамыр 06:29
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі айда 20 мыңға жуық адам коронавирусты анықтайтын тестілеуден өткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте төтенше жағдай жарияланған күннен бастап 2 миллионнан астам маска шығарылған. Кәсіпкерлер сондай-ақ, 88 тонна дезинфекциялық зат пен 166 мыңнан астам спрей сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, мегаполисте инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шара қабылданған. Жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусқа арналған төсек-орын 300-ден 450-ге көбейтіліп, 320 төсек-орындық провизорлық стационар мен 1 416 карантиндік орын ашылған.

«Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында лабораториялық тестен өткізу шаралары күшейтілді. Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 лаборатория ашылды. Нәтижесінде күніне тестілеу қуаты 300-ден 500-ге жеткізілді. Сонымен қатар, жаңадан 2 зертхана ашылып, тестілеуді 3 есеге дейін ұлғайтамыз. Сәуір-мамыр айларында жоспарлы тестілеуден өтетін 23 мың адамның 19 845-і, яғни 86% ПТР тестілеуден өткізілді»,-деді әкім.

Айта кетейік, қалада індетпен күресу мақсатында 30 мыңнан астам медицина маманы мен полиция және әскери қызметкер жұмылдырылған. 25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған азаматтар саны 606-ға жеткен. Оның ішінде 218 науқас емделіп шықса, 6 адам қайтыс болған.

«Қалада 18-24 мамыр аралығында күніне орташа 31-50 адамнан тіркелді. Ал өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады. Тәуліктегі өсім - 6,3%. Covid-19 вирусының 22-сі - сырттан келгендер болса, 359 адам науқастармен қарым-қатынаста болған. Ал, 225-і жергілікті жерден шыққан. Қалада 260 карантиндік ошақ тіркелген. Бүгінгі күні 132–сі бақылауда»,-деді Мұрат Әйтенов.

Соңғы күндердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық тексеру күшейтіліп, 4 136 нысанда мониторинг жүргізілген. Тексеру қорытындысымен 127 әкімшілік шара қолданылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT