Шымкентте екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сонымен қатар цифрландыру басқармаларына жаңа басшы тағайындалды. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Абай Тұрханов тағайындалды. Абай Абдиманафұлы осыған дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

А.Турханов 1984 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру маманы. Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент филиалында жол белгілері бойынша маман болып бастаған. 2008-2018 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Ал, цифрландыру басқармасының басшысы лауазымын Айдос Оспанов атқарады.

Ол 1987 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистрі.

Еңбек жолын 2009-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінде сарапшы, бас сарапшы қызметтерін, 2017-2018 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы қызметін, 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар