USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген

2021 жылғы 25 қараша 12:02
Бөлісіңіз:
Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды Жамбыл жүк тасымалының бастығы 800 мың теңге пара алды деп айыпталды Батыс Қазақстанда 150 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

«8 адамнан тұратын қылмыстық топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан. Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ҰҚТ-ның қатысы бар екендігі анықталды.

Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.

Салдарынан мемлекетке 3,1 млрд теңге сомасына салық төленген жоқ», - делінген агенттік мәліметінде.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT