+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Шымкентте «Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік» мерекелік жиыны өтті

2019 жылғы 13 желтоқсан 20:20
Бөлісіңіз:
Шымкентте «Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік» мерекелік жиыны өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» меркесіне орай салтанатты жиын өтті. Түркістан сарайында қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен өткен жиынға өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары мен еңбек азаматтары, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сан-Франциско биылғы 16 желтоқсанды Қазақстан-Америка достығы күні деп жариялады 28 жылда Қазақстанға қанша инвестиция тартылды Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды

«Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік» атты мерекелік жиында қала əкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі саналатын мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті. Барша жұртшылықты еліміздің Егемендік алған күнімен құттықтап, даламыз бен қаламызды бірге көркейткен қазақстандықтар қуатты халық екенін атап өтті.

«1991 жылы 16 желтоқсанда біз Тәуелсіздігімізді жер жүзіне жариялап, күллі әлемге паш еттік. Алдымен көне түріктің бөрілі байрағының мұрагері – Көк Туымызды Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреттік. Әнұранымызды әлем көгінде әуелетіп, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Төл теңгеміз енгізіліп, Ата заңымыз қабылданды. Қарулы күштеріміз құрылып, Шекарамыз белгіленді. Бүгінде біз – ана тілімізді түлетіп, ата дінімізді оралтқан айшықты елміз. Біз – даламыз бен қаламызды бірге көркейткен қуатты халықпыз. Арқа төсіне Тәуелсіздігіміздің салтанатты символы – Елордамызды орнатқан жасампаз жұртпыз», - деді қала әкімі.


Шаһар басшысы сондай-ақ, ынтымақты – ұран, татулықты – ту еткен бейбіт халқымыздың осы уақыт аралығында толағай табыстарға жеткенін атап өтті.

«Еліміздің Тәуелсіздік алған жылдары жеткен жетістіктеріне Шымкент қаласының да қосқан үлесі зор. 1993 жылы республика бойынша Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі – 29 млрд 423 млн теңге болса, Тəуелсіздіктің 25 жылында бұл көрсеткіш 2 трлн 174 млрд теңгеге өсіп отыр. Қаланың өнеркəсіп орындары 4,9 млрд теңгенің өнімін өндірсе, бүгінде бұл саладағы жетістік 95 есе өсіп, 458 млрд теңгеден асты. 1991 жылдан бері қаламызда 5,2 млн шаршы метр жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Осы аталғанның бәрі – Тәуелсіздіктің сыйы. Алдымызда жауапты кезең күтіп тұр. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін», – деді Ерлан Айтаханов.

Мерекелік жиында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Шымкент қаласының 39 азаматы ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Салтанатты басқосу өнер майталмандарының патриоттық ән-күйлерімен жалғасты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT