Шымкентте газ баллоны жарылып, 2 адам жарақат алды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
7 қаңтар таңғы 06:20 кезінде кезекші диспетчер қызметіне Еңбекші ауданының Жұлдыз шағынауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде сыйымдылығы 50 литрлік газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жарылыс 30 шаршы метр аумақты шарпып, қабырғаның құлауына әкеліп соқты. Үйдің жалпы ауданы – 144 шаршы метр. Оқиғаның алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
6 қаңтар кешкісін үй иесі қауіпсіздік техникасын бұзып, баллонды газбен толтырған (50 литрлік газ баллоны толығымен толтырылды), сосын оны үйдің ішіне кіргізген.
Түнде газдың иісін сезіп, үй иесі тексеруге тұрған, абайсызда электр жарығы қосылған (алдын ала нұсқа). Осы себепті газ ауа тарсылы, содан кейін жарылыс болған.
Жарылыстан1985 жылы туған әйел зардап шекті. Оның екі қолын, аяқтары және бетінің 23% күйік шалған.
2006 жылы туған үй иесінің қызы кеуде қуысының жарақаты диагнозымен, орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында ТЖД 13 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері жұмыс істеді.
- БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді
- Батыс Қазақстанда тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылды
- Ұлытау ауданында боранда адасқан әке мен бала аман табылды
- Армения президенті елде қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа үндеу жариялады
-
ШҚО-да жолда қалған қарағандылық жүргізушіге көмек көрсетілді
-
Сахалинде бөлінген мұз үстінде қалған 44 балықшы құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам