Шымкентте газдан уланған екі адам көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде екі адам иістен уланып, қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен газ мамандары су жылытқыш құрылғының бұзылып тұрғанын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазтрансгаз Аймақ» АҚ мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін түнде Түркістан көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Таңғы сағат 07:51 шамасында ТЖД кезекші бөліміне 24/4 үйдегі 83-пәтерден 2 адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Алдын ала болжам бойынша, 1994 және 1992 жылы туған екі адам газдың иісіне уланып қаза болған. Оқиға орнына жеткен апаттық бригада тексеру барысында асханада 2 конфорлы газ плитасы мен «DUBAI» су жылытқышы орнатылғанын анықтады. Алайда су жылытқыш пештің түтін шығаратын құбыры (гофра) ажырап кеткен. Қазір екі тұрғынның өліміне нақты не себеп болғаны анықталуда» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар