Шымкентте газға уланып, ауруханаға түскен бүлдіршіндердің үшеуі үйлеріне қайтарылды

None
None

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі жекеменшік балабақшада газға уланып қалған бір бүлдіршін мен олардың тәрбиешісі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы қалалық гипербариялық оксигенация орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Жұрынбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанар Жұрынбаеваның сөзінше, жедел жәрдеммен жеткізілген науқастар емдеу мекемесіне орташа ауыр дәрежеде түскен.

«Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген барлық науқастарға медициналық көмек көрсетілді. Бір бүлдіршін мен тәрбиешісін қарап, біз оларды ауруханаға жатқыздық. Үш бүлдіршіннің жағдайы қанағаттанарлық жағдайда болғандықтан олар үйлеріне қайтарылды»,- дейді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

Еске салайық, бүгін таңертең жекеменшік балабақшаға барған 4 бүлдіршін мен олардың тәрбиешісі газ иісінен уланып қалған болатын. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі 2 жасар бүлдіршіндердің газ колонкасының ақауынан шыққан табиғи газға уланғанын хабарлаған.


Соңғы жаңалықтар