Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге айыппұл салынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында 58 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 1 179 объект мониторингпен қамтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде: 777 тағам объектілері, 345 коммуналдық нысандар, 57 балалар мен жасөспірімдерге арналған объектілер бар.

Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы жиі кездесуде. Мониторинг топпен анықталған кемшіліктер үшін 58 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 019 720 теңгеге айыппұл салынды.

Кемшіліктер анықталған объектілер ішінде: 18 қоғамдық тамақтану орындары, 1 түнгі, 1 лотереялық, 3 компьютерлік және 4 бильярд клубтары, 1 кинотеатр, 8 мейрамхана, 1 бургер орталығы, 9 азық-түлік дүкендері, 3 лоундж-барлар, 2 қораз төбелестіретін орын, 2 жанармай құю бекеті, 2 сауда нүктелері, 1 қонақ үй кешені, 1 монша, 1 балабақша бар.


Соңғы жаңалықтар