Шымкентте карантиндік шектеулер 7 желтоқсанға дейін ұзартылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

Шымкенттің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтің жаңа қаулысына сәйкес:

- Ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, спорт-барлар, асханалар), оның ішінде сауда, ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден бастап 23:00-ге дейін шектеледі.

- Келушілерге қызмет көрсетпейтін нысандар әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.

- Салтанатты, еске алу іс-шараларын (банкеттер, тойлар, еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

- Фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына, қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян қолдануға тыйым салынады.

- АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, авто қосалқы бөлшектер дүкендері, АВТО-экспресс (тамақты сыртқа шығару), автожуу, шиномонтаждау, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері, химиялық тазалау, кір жуу, телефондар мен компьютерлерді жөндеу жұмыстары қалыпты режимде жұмыс жасай береді.

- 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс істей алмайды. Бұл ретте жеткізуді немесе шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілері қалыпты режимде жұмыс істейді.

- Қоғамдық көлік жұмыс күндері, мереке және демалыс күндері 7:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Бұл жағдайда жолаушылар маска киіп, автобус толымдылығы бақылауда болуы қажет.


Соңғы жаңалықтар