Шымкентте қатаң карантинге қарамастан сауна жұмыс істеп келген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Карантин режимін сақтамай, жұмысын жалғастырған сауна анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мен мобильді топ өкілдері 29 шілде күні Абай ауданы аумағында жүргізген рейд барысында карантин талаптарын елемеген нысандарды анықтады.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы 1 Мамыр көшесі бойында орналасқан «Опушка» саунасы кешкі уақытта карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқан. Оқиға орнында санитарлық талаптар өрескел бұзылған.

Сауна әкімшісінен түсініктеме алынып, аталған жайтқа байланысты Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.


Соңғы жаңалықтар