Шымкентте қатты жел салдарынан мектептер онлайн оқуға ауыстырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент мектептеріндегі екінші ауысым сабақтары ауа райының байланысты онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім ұйымдарында 17 қараша күннің екінші ауысым сабақтарын онлайн форматында өткізу ұсынылды» - делінген басқарма хабарламасында.

Шымкентте қазір ауа температурасы желдің әсерінен аяз көтеріліп, тұрғындарды әбігерге салды.

Сонымен қатар қатты соққан дауылдан қаладағы кейбір аудан тұрғындары жарықсыз қалған.


Соңғы жаңалықтар