Шымкентте қайырымдылық акция аясында 70 отбасыға көмек берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – «Шымкент – қайырымды қала» акциясы аясында 70 отбасыға көмек берілді. Қаратау аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен және Шымкент қалалық Nur Otan партиясының қолдауымен өткен шараға жергілікті кәсіпкерлер белсенді атсалысты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қайырымдылық шарасы аясында тұрмысы төмен және мұқтаж отбасыларға ең қажетті деген азық-түлік пен көкөніс таратылды.

«Шымкент – қайырымды қала. Бұған бүгінгі іс-шарамыз дәлел. Қаратаулық кәсіпкерлердің белсенділігін атап өтіп, алғысымызды жеткізгіміз келеді. Тұрмысы төмен отбасыларға 4 миллион теңгенің азық-түлігі және тұрмысқа қажетті заттар таратылды», – дейді Қаратау ауданының әкімі Абзал Шымкентбайұлы.

Қаратау ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлсина Бердібекованың айтуынша, іскер азаматтар бұдан өзге «Қайнарбұлақ» саяжайында өртеніп кеткен 3 үйдің шатырын жауып берген. Аудан аумағындағы мектептерге қайырымдылыққа құны бір миллион теңгеден асатын заттар табысталған.

Соңғы жаңалықтар