+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте келер жылы халықаралық ақындар айтысы өтеді

2019 жылғы 12 желтоқсан 00:31
Бөлісіңіз:
Шымкентте келер жылы халықаралық ақындар айтысы өтеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте келер жылы халықаралық ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті отырысында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Абайға оралу» атты онлайн концерт өтті Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді Елордалық өнерпаз кубик рубиктен Жақсылық Үшкемпіровтің портретін жасады

Шым шаһар 2020 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Одан бөлек, келесі жылы ЮНЕСКО көлемінде Шымкент қаласының 2200 – жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтпек.

Мәслихат отырысында мәлім болғандай, келер жылдың көлемінде ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерттерін ұйымдастыру жоспарланған. Сонымен қатар, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қолөнер көрмесі, «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» ТМД елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауын өткізу көзделіп отыр.

Бұдан өзге, драма театрлары мен анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалі, Халықаралық ақындар айтысы және алғаш рет «Душа Евразии» I халықаралық эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі ұйымдастырылады. Ақын-жазушылардың кездесулері мен тағы басқа іс-шаралар өткізіледі деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT