Шымкентте көліктерді ұрлап, ресейлік нөмірлермен сатқан күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте 11 көлікті ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шымкенттік полицейлер бір үлгідегі 11 жеңіл көлікті ұрлап кеткен ұрыны ұстады. Соңғы 4 айда Шымкент қаласының тұрғындарынан полицияға Daewoo Nexia маркалы автокөліктің ұрланғандығы туралы арыз түсе бастаған. Айта кету керек, барлық ұрланған көліктер дабыл белгісімен жабдықталмаған және жарықтандыру мен бейнебақылау камералары жоқ аулалардан ұрланған», - деді реми өкіл.
Оның айтуынша, қылмыстық іздестіру кезінде тергеушілер барлық фактілерді жан-жақты зерделеген. Сыртқы бейнебақылау камераларынан бейнематериалдар алынып, зерделеніп, олар бойынша барлық оқиғалардың хронологиясы қалпына келтірілген.
«Нәтижесінде, қылмысты байқатпау үшін көліктерді таңертеңгі сағат 4-тен 6-ға дейін бір адам ұрлағаны анықталған. Ол қалаға кешкі сағат 8-де келіп, қауіпсіздік жүйелері бойынша нашар автокөліктерді іздеген. Жүргізілген ауқымды жедел-іздестіру жұмыстарынан кейін, көлік ұрлығына күдіктіні Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының криминалдық полиция қызметкерлері анықтап, ұстады», - деді Н. Ораз.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмысқа ықтимал қатысушылар анықталуда.
«Кейін оның қарапайым сызғыштың көмегімен автомобильдерді ашқаны белгілі болды. Содан кейін ол оталдыру құлпын ашып, қозғалтқышты іске қосып, машинаны мініп кетіп отырған. Сонымен қатар ол көліктердің нөмірлерін шешіп, оның орнына интернет арқылы сатып алынған Ресей Федерациясының жалған нөмір белгілерін таққан. Ұрланып, басқа адамдарға сатылған 6 көлікті полиция тәркілеп, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, 2 автомобиль бөлшектеліп сатылғаны анықталды. Қалған 3 автокөлік әлеуметтік желілер арқылы сатылған, қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасады», - деді ресми өкіл.
- ШҚО-да үш күнде 146 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді
- Ақмола облысының тұрғыны WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған
- Ақмола облысында екі полиция қызметкерінің өліміне кінәлі адамға сот үкімі шықты
- СҚО-да полицейлер 4 күннің ішінде тұрмысы нашар 400 отбасын тексерді
-
СҚО-да 70 адамның ғана қызметтік қаруды сақтауға құқығы бар
-
Әлемдегі елдерде баланы кемсітуге қалай жол берілмейді – ІІМ мысал келтірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам