Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты шығарылатын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) шығарылатын болды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов Instagram парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының хабарлауынша, ол «Kazmedpribor Holding» ЖШС директоры Рахат Байзақовпен пандемиямен күрес мәселелерін талқылаған. Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлағанын айтқан. Кәсіпкерге өзінің алғысын білдірген шаһар басшысы жақын арада әкімдік қолдауымен «Kazmedpribor Holding» ЖШС-і ӨЖЖ аппараты шығарылатындығын жеткізді.

«Біз бұл жобамен үш ай бойы жұмыс істедік. Ендігі кезекте қажетті сертификатты алсақ, аппаратты шығара бастаймыз. Алдымен, қаланы толығымен қамтып, содан кейін еліміздің өзге қалаларына көмектесетін боламыз. Бүгінгі басты жағымды жаңалық осы», - деді М. Әйтенов.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты бар. Оның ішінде 130 аппарат портативті саналады. Сондай-ақ, емдеу мекемелері 250 «Бобров» тыныс алу аппараты мен 10 монитормен қамтамасыз етілген.


Соңғы жаңалықтар