Шымкентте отбасы құндылығын насихаттау мәселесі талқыланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша ұымдастырылған шараға қатысушылар бүгінгі отбасы құндылығын сақтау мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәңгілік ел» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған басқосуда Абай аудандық сотының судья-медиаторы Еркiн Отарбаев ажырасу деңгейін төмендету мен отбасылық даулардың алдын алу бойынша құрылған «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының жұмысы туралы баяндады. «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес. Ол халқымыздың тарихымен бірге қайнап, пісіп шыққан отбасылық дәстүрлер, отбасы мәдениеті мен этикасы. Отбасының қалыптасуына, қоғамның қалыптасуы тікелей байланысты. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Қазақтың тарихында киелі отбасының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері қастерлі саналған. Сондықтан бұл мәселе қашанда күн тәртібінен түспеуі тиіс»,- деді Еркiн Отарбаев.


Соңғы жаңалықтар