+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Шымкентте пара алған мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

2020 жылғы 26 наурыз 13:15
Бөлісіңіз:
Шымкентте пара алған мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат бөлімінің бұрынғы басшысы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысының экс-әкімі мен бірқатар лауазымды тұлғалар тергеліп жатыр Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері қылмыстық топ құру күдігіне ілікті Жамбылда 800 мың теңге пара алған аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды

«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болған Е.Б. Үмбетке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол коммерциялық семинар өткізу үшін «Шымкент циркі» МКК залын жалға алуға қосымша уақыт бөлуге көмектескені үшін цирк кассасына төлем жасамай, кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге пара алды деген күдікке түсті», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров онлайн брифингте.

2020 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен Е. Б. Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды орындарда жұмыс істеу құқығынан айырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT