19:38, 28 Наурыз 2020 | GMT +6
Шымкентте пойыз астына түспек болған жасөспірім құтқарылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 17 жастағы жасөспірім пойыздың астына түсіп, өз өзіне қол салмақшы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ПД мәліметінше, кеше кешкі сағат 18:15-де Еңбекші аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері алыста келе жатқан пойыздың астына темір жол рельсіне жатпақшы болған 17 жасар жасөспірімді байқап қалады. Ол бірден полицияға хабар берген.
Полицияның жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде жасөспірім қыз құтқарылды.
Олар жасөспірімді Полиция басқармасына жеткізіп, профилактикалық сұхбат жүргізген. Нәтижесінде оқушы қыз өз қателігін түсініп, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.