Шымкентте шала туған егіз сәбилердің саны артқан

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жыл басынан бері 305 егіз дүниеге келген. Сыңарымен туған шақалақтардың басым бөлігі – қыздар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда егіздер саны 100-ге артық.

– Байқасаңыздар, екі немесе одан да көп сыңардың бір мезетте егіз болып тууы барысында жүктілік мерзімі қысқа, сәбилердің салмағы қалыпты жағдайдан жеңілірек болады. Сондықтан болар, егіздердің көбісі – шалабайлар. Шала туған сәбиді перзентханадан бірден шығармаймыз. Туған күннен бастап бір айға дейін күтім жасаймыз. Осы уақыт аралығында анасы мен сәбидің денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса, үйге шығуға рұқсат етеміз, - дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігері Жанат Үсенбаева.

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 5 үшем дүнеге келген. Жалпы, 29 105 сәби дүние есігін ашыпты.


Соңғы жаңалықтар