Шымкентте соңғы тәулікте КВИ жұқтырудың 96 жағдайы тіркелді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте соңғы тәулікте КВИ жұқтырудың 96 жағдайы тіркелді. 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Төсек- орын толымдығы 22%-ды құрайды. Өткен тәулікте 2329 адамнан сынама алынған.

«Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Бүгінде олар күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр. Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар