Шымкентте тасқыннан зардап шеккен Елтай ауылының тұрғындары баспаналы болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен Елтай ауылының тұрғындары бүгін баспаналы болды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов 5 отбасыға жаңа үйлердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің аумағы 112,36 шаршы метрді құрайды. Ал, қабырғалары газаблоктан қаланған. Шатыры профнастилмен жабылған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да толық жүргізілген. Жаңа баспаналарды «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен салып берді. Ауыл тұрғындарын жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.

Айта кетейік, көктемгі мезгілде су басқан Елтай тұрғын алабын қайта қалпына келтіру жұмыстары әлі күнге жалғасуда. Мұнда 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1 көпірге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 186,5 млн теңге қаржы қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар