Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесінде ардагерлер құрметке бөленді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген қарттарды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара барысында Ерлан Айтаханов шаһардың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамай, ұдайы игі бастамалардың бел ортасында жүрген аға буынның еңбегі ерен екенін атап өтті. Сондай-ақ, егеменді ел болып қалыптасудағы еңбектерін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Мерекелік жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Ташқараев, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов те бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады. Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен тыл еңбеккерлері сынды қаланың 300-ге жуық ардагері мерекелік дастарханда бас қосты. Қазыналы қариялар Тәуелсіздікке дейінгі өмірлерін еске алып, бүгінгі ұрпақтың бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандарын атап өтті.

Егемендік алу жолындағы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың еңбегінің орасан екенін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар