Шымкентте уақытша ұстау абақтысынан қашып кеткен күдікті ұсталды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы оқиғаға байланысты Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру бастады.

Өңірдің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, күдікті кеше 11 мамыр күні Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасау күдігімен ұсталған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігімен (ұрлық) тергеу жүргізіліп, сезікті тергеу изоляторына уақытша қамауға алынған еді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қашып кеткен адамды Түркістан және Жамбыл облыстары полиция қызметкерлерінің қатысуымен облыстың ҚАЖД және ПД жедел қызметкерлері ұстады.

«Аталған факті бойынша Шымкент қаласының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 426-бабы «бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе қамаудан қашу»). ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды», - делінген департаменттің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар