Шымкентте үйінен кетіп қалған жасөспірім қыз табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелет жасына толмаған қызы үйінен шығып, қайта оралмағаны жөнінде арызданған.

Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Тәртіп сақшыларының жедел қызметіне риза болған қыздың анасы алғысын білдіріп, полицейлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары қала тұрғындарын балаларына бас-көз болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар