Шымкентте жас жігіт Тәуелсіздік саябағының көпірінен секірмек болған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Тәуелсіздік саябағының көпірінен бір адам секірмек болғаны жөнінде Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына қоңырау шалынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш күн бұрын болған жағдайға байланысты қалалық полиция департаменті ресми мәлімет таратты. Полицияның мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсамақ болған адам туралы Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына белгісіз азамат хабарлаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткенде 18 жасар қала тұрғыны көпірден секіріп, асфальтқа құлап қалғанын көрген. Салдарынан түрлі дене жарақаттарын алғаны анықталған. Содан кейін ол аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

«Аталған жайт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта бұл азаматтан оның денсаулық жағдайына байланысты жауап алу мүмкін емес. Тиісті сараптамалар тағайындалды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар