Шымкентте жасөспірімді қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі жолда жасөспірімді қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер жас баланы бақилық еткен көлік тізгіндеушіні көп ұзамай-ақ қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, адам қаққан көлік жүргізушісін жергілікті учаскелік инспекторлардың бірі ұстаған. №9 учаскелік тірек пунктінің инспекторы Нұрбол Қалдыұлы Құрсай шағын ауданында жасалған жол көлік оқиғасы туралы хабарлама алған. Бұл аумақта ол бұрын төрт жылдан астам қызмет атқарғандықтан жақсы білген. Оқиға орнынан ізін суытқан кінәлі жүргізуші «Opel-Vektra» маркалы автокөлігін басқара отырып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткенін естіген ол жедел іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде жеңіл автокөліктің тұрған жері анықталып, көлік жүргізушісін ұстаған.

«Қазіргі таңда аталған жәйт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Автомобильді, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адам өліміне алып келген» және 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы қала прокуратурасының бақылауына алыған» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар