Шымкентте жергілікті билік пен қала тұрғындары арасында кері байланыс орнаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жергілікті билік пен қала тұрғындары арасында кері байланыс орнаған. Мәселен, қала әкімі Ерлан Айтаханов халықпен кері байланысты күшейтуі үшін 32 рет жеке қабылдау өткізіп, 354 азаматтың арыз-шағымына жауаптар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысының айтуынша, жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген 338 мәселесіне түсіндірме берілген. Сондай-ақ, 16 шағым қанағаттандырылған.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Ашық әкімдік» құрылды. Осы жоба аясында әрі халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында орынбасарларым 1 111 азаматты қабылдады. Сонымен қатар, қаладағы аудан әкімдері жеке қабылдауды күнделікті жүргізеді. Мәселен, 11 айда 298 - рет жеке қабылдау өткізіліп, 883 азамат жеке қабылдауда болды»,- дейді Ерлан Айтаханов.

Қала басшысы журналистермен кездесуде сондай-ақ, келер жылы әлемдік екінші ұстаз атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілетіні жеткізді.

«Ел Президенті арнайы Жарлық шығарды. Бүкіл Қазақстанда тиісті іс-шаралар өтеді. Әлемдік деңгейде де баса назар аударылмақшы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бастамасын іске асыру мақсатында Әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты еңбегіне сүйене отырып, Шымкент шаһарына «Қайырымды қала» деген балама атау ұсындым. Оны қала тұрғындары ерекше ықыласпен қолдады. Қазіргі таңда, қалада пилоттық режимде «MMEYIRIM.KZ қайырымдылық электронды порталы жұмысын жасауда. Порталдың негізгі мақсаты - аз қамтылған отбасыларға ашық және біріңғай әлеуметтік көмектер ұйымдастыру болдып отыр»,- деді Ерлан Айтаханов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда портал арқылы 1246 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарымен көмек көрсетілген. Демеушілердің есебінен жалғыз басты және көпбалалы аналарға 45 пәтер берілген. Сонымен қатар, қалада 244 қайырымдылық іс-шара өткізіліп, 5 519 жағдайы төмен отбасыға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен көмір тағы басқада қаржылай көмектер көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар