Шымкентте жүзік салу тойына 60-тан астам қонақ жиналған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер 60 адамдық тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, Еңбекші ауданының полицейлері Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан мейрамхананың карантин талабын сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған тойхана эпидахуалға қарамай, 60 адамға арналған жүзік салу тойын өткізген.

Сонымен қатар, мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық маскасыз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, мекеме әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Өз кезегінде Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар