+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шымкенттегі әуежай терминалының құрылысы келесі жылы аяқталады

2019 жылғы 25 желтоқсан 20:12
Бөлісіңіз:
Шымкенттегі әуежай терминалының құрылысы келесі жылы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл басталған Шымкенттегі әуежай терминалының құрылысы 2020 жылы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің негізгі 80 көшесін асфальттау жұмысын жүргізіп, қоғамдық көлік жүргізу мәселесі қаралады. Елді мекендердегі 48 көше күрделі, 73 көше орташа жөндеуден өтеді және топырақ жолдарға толығымен тас төселеді. Қаланың 7 магистралды көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар - Республика, Рысқұлов, Гагарин, Сырым батыр, Түркістан, Құрманбеков көшелері мен №1 автожолы», - деді Шымкент қаласының әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік кептелісін болдырмау мақсатында 11 көшені кеңейту және 5 көпірді қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар келесі жылы соңына жеткізілмек.

«Келесі жылы қала орталығында көлік қозғалысын жеңілдету үшін 2 жерде үлкен жол айрықтар құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз (Рысқұлов-Қонаев және Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінде). Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын. Елбасы тапсырмасымен жеке инвестордың есебінен жаңа әуежай терминалының құрылысы басталды, 2020 жылы аяқталады. Сонымен қатар, келесі жылы Темір жол вокзалының ғимараты қайта құрудан өтетін болады», - деді Ерлан Айтаханов.

Фото: otyrar.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT