Шымкенттегі мұқтаж отбасыларға көмір тегін таратылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры «Отбасыға жылу сыйла 3» акциясын ұйымдастырды. Аталған шара барысында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға тегін көмір таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияға 400-ге тарта ерікті қатысып, екі күн бойы өз көмектерін көрсетті. Олар қаладағы 200 отбасына таратылатын көмірді тиеп берді. Көмекке мұқтаж отбасылар алдын ала сауалнама жүргізу барысында анықталған болатын. Ал шараға қажетті қаражат еріктілердің арнайы «Мейірім конверттеріне» қоса, жеке кәсіпкерлердің қолдауы және блогерлердің әлеуметтік желілерде ақпараттандыруы арқылы жиналды.


Соңғы жаңалықтар